Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметін...
Алматыда 9 жасар баланы жасөспірімдер ұрып-соққан: анасы көріп ажыратқан
Фото: ЖИ
116
Жергілікті тұрғын 10 қарашада балалар алаңында 9 жасар ұлын екі жасөспірім аяусыз соққыға жыққанын айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Анасының сөзінше, баласы үйге ерні жарылып, қан-жоса болып жүгіріп келген. Әйел сыртқа шыққанда ұлын қайта ұрып жатқанын көріп, араша түскен.
Оның сөзінше, жасөспірімдердің ата-анасы полицияға арыз түсіріп, тек әйелдің баласын қорғаған сәті түсірілген видеоны ұсынған. Ал баланың соққыға жығылған сәті бейнежазбаға түспеген.
Сондай-ақ ол полиция бөлімшесінде қысым көргенін айтып, қарсы арыз түсірген.
Алматы полициясы кәмелетке толмаған балаға күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.