Аты аңызға айналған Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильмге түсуі мүмкін

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
131

Әлемге әйгілі актер Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға келіп, отандық киножобалардың біріне қатысуы мүмкін. Қазіргі уақытта актерді түсірілімге шақыру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Dala Edge Creative Tech Park компаниясының басшысы Мақсат Кикимов Мәдениет және ақпарат министрімен кездесу барысында мәлімдеген.

«Фильм түсіріліміне бізге Жан-Клод Ван Дамм келуі мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Мақсат Кикимов.

Әзірге голливудтық актердің Қазақстанға сапары ресми түрде бекітілген жоқ. Оның нақты қай фильмге түсетіні, қандай рөл сомдайтыны және түсірілімнің қашан басталатыны да белгісіз.

Жан-Клод Ван Дамм – бельгиялық актер әрі жекпе-жек өнерінің шебері. Ол «Қанды спорт», «Кикбоксшы», «Әмбебап сарбаз» және «Қос соққы» фильмдері арқылы әлемге танылған.

Айта кетейік, Dala Edge Creative Tech Park бұған дейін Джеки Чан қатысатын «Құдай сауыты 4: Ультиматум» халықаралық киножобасын жүзеге асыруға атсалысқан. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ресми хабарлаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жергілікті тұрғын 10 қарашада балалар алаңында 9 жасар ұлын екі жасөспірім аяусыз соққыға жыққанын а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар арасында пышақ қолданылған оқиға болып, екі бала зардап шек...