Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

Алматы қаласында өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry автокөлігі соқтығысып, қайғылы жол апаты болды. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі өрт сөндіруші жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол апаты 17 қарашаға қараған түні Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған.

Басылым мәліметінше, өрт сөндіру көлігі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта қозғалған. Ал Toyota Camry Атакент жағынан Әуезов көшесімен төмен қарай келе жатқан.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өтіп бара жатқан. Осы кезде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі қиылысқа кіріп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Куәгерлер арнайы техниканың бағдаршамның қызыл түсіне өтуі мүмкін екенін айтқан. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған.

Соққының қатты болғаны соншалық, Toyota Camry өрт сөндіру көлігінің астында қалып, арнайы техника оны бірнеше ондаған метрге дейін сүйреп кеткен. Кейін екі көлік те жолдан шығып, бағдаршам бағанына соғылып, арыққа түскен.

Апат кезінде Toyota көлігінде тек жүргізуші болған. Ол көлік салонында қысылып қалған. Құтқарушылар оны алып шыққанымен, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Сондай-ақ өрт сөндіру көлігінде болған екі қызметкер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қалған қатысушыларды медицина қызметкерлері оқиға орнында тексерген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар арасында пышақ қолданылған оқиға болып, екі бала зардап шек...

СПОРТ

UFC-дің бұрынғы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабидегі қонақүйлер бірінде грузин Мераб...