Жақында екі рет ана атанған Баян Мақсатқызы үлкен қызы Алисаны қырқынан шығарды. Белгілі про...
Алматыда 9 жастағы балаға көршісі тиіскен
Фото: freepik
214
Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Баланың анасының сөзінше, мектептен үйіне қайтып келе жатқан ұлын көршісі алдап, өз үйіне кіргізген. Баласын таппай қалған ана бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, оны іздеуге кіріскен. Кейін болған жағдайға байланысты полицияға арыз түсірген.
Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденген болып саналмайды.