Белгілі актер және продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіге ауруханадан сурет жүктеді, деп хабарла...
Эверестте 30 жыл бұрын қаза тапқан альпинистің мәйіті табылды
Фото: әлеуметтік желі
Эверест шыңында шамамен 30 жыл бойы жатқан «Жасыл етік» (Green Boots) деген атпен белгілі альпинистің кім екені ресми түрде анықталды. ДНҚ сараптамасының нәтижесі бойынша оның 1996 жылы Эверестке көтерілу кезінде қаза тапқан үндістандық альпинист Дордже Моруп екені расталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Үнді-Тибет шекара полициясының мәліметінше, Дордже Моруп қайғылы оқиға кезінде 47 жаста болған. Биыл жазда оның мәйітін Эвересттің 8 мың метрден жоғары орналасқан «өлім аймағынан» эвакуациялау жоспарланып отыр. Қазір бұл күрделі операцияны орындай алатын мамандандырылған компания іздестірілуде.
Дордже Моруп 1996 жылдың 10 мамырында Эвересттің солтүстік бағытымен көтерілген алты адамдық топтың құрамында болған. Шыңға жақындағанда альпинистер қатты боранға тап болып, олардың үшеуі кері қайтқан. Ал Моруп екі серігімен бірге жолын жалғастырып, үшеуі де көз жұмған.
Қауіпті ауа райы мен биік таудағы құтқару жұмыстарының күрделілігіне байланысты оның денесін төменге түсіру мүмкін болмаған. Осы уақыт ішінде қар мен мұз мәйітті жақсы сақтап, «Жасыл етік» Эвересттің солтүстік-шығыс жотасымен көтерілетін альпинистер үшін бейресми бағдарға айналды.