Алматыда арнайы жасақ жігіттерін ұрып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

Әлеуметтік желіде Алматыда адамдар мас күйде арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасағаны туралы ақпарат шықты. Полицейлер бұл жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Бейнежазба Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында жарияланды. Жазба авторының сөзінше, 22 ақпанда таңғы уақытта Алматыдағы Назарбаев даңғылында мас күйдегі үш адам кезекшілік қызметте жүрген жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлеріне шабуыл жасаған. "Қызметкерлерге агрессивті мінез танытқан мас күйдегі үш адам жүргені туралы қоңырау түсті, ал арнайы жасақ қызметкерлері агрессияға қарамастан, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытып, оларға қарсы күш қолданбады", - делінген хабарламада. Бұл ретте жазба авторы шабуыл жасаушылардың "құқық қорғау органдарында таныстарымыз бар" деп айтқанын атап өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығының амфитеатрында әскерге шақырылғандарды салтанатты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аптап ыстықтың салдарынан Манитоба мен Онтарио провинцияларында орман өрті басталды, деп хабарлайды&...