Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс — былтырдан бері Қаза...
Рудныйда «Газель» көлігінің дөңгелегі астында екі жасар бала қаза тапты
ашық дереккөз
734
Сейсенбі күні, 3 наурызда, Рудный қаласында тұрғын үй ауласында «Газель» көлігі баланы қағып кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жүргізуші көлікті кері шегінген кезде екі жасар қыз баланы қағып кеткен.
Жанында болған бес жасар ұл бала үлгеріп шетке шығып, зардап шеккен жоқ. Балалардың анасы есінен танып қалып, ауруханаға жатқызылды.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда.