400 теңгеге дейін өсуі мүмкін: Астанада автобус бағасы өзгере ме?

Астана әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

Астанада қала ішінде және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктің жолақысы қаншалықты қымбаттайтыны белгілі болды. Астана әкімдігі тиісті қаулыны жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz .

Қала маңына қатынайтын экспресс-автобустарда жолақы онлайн төленсе 300 теңге, ал қолма-қол 400 теңге болмақ. Осындай тариф қала ішіндегі автобустарға да қатысты. Яғни картамен төлем 150 теңге, ал қолма-қол ақшамен 300 теңге болмақ.

Қала маңына қатынайтын автобустарда жолақы құны қашықтығына байланысты өзгереді. Картамен төленген жағдайда 1 шақырымның құны – 13 теңге, ал қолма-қол төлем – 19 теңге.

Ал жеңілдікті көлік картасы бар жолаушылар үшін тұрақты әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолақы мөлшері бұрынғыдай тегін болады.

Қаулыда сол сияқты электронды жүйеде ақау болған жағдайда жол жүру құны тегін болатыны көрсетілген.

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген GRAMMY студиясының жаңа "Global Mixtape" жобасына сұхбат беріп,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай аудандық соты рэпер Наваи Бакировты екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция...