Мәскеуде орын алған қайғылы оқиға Ресей ІІМ мәдени қауымдастығын дүр сілкіндірді, деп хабарлайды MAD...
Алматыда бұрын-соңды болмаған сенбілік: Музыкамен 20 тонна қоқыс жиналды
Фото: Жаңа адамдар
Алматы қаласында «Жаңа адамдар» қозғалысының бастамасымен ерекше форматтағы экологиялық акция өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мөлдір бұлақ» бастамасы мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен келген 1000-нан астам белсенді қатысты.
Қатысушылар Үлкен Алматы өзенінің жағалауын тазалап, нәтижесінде 20 тоннадан астам қоқыс жиналды. Акцияның басты ерекшелігі — тазалық жұмыстары DJ-сет әуенімен қатар жүргізіліп, қатысушыларды бір ритмде біріктіргені болды.
Бұл шара экологиялық мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп, қоғамға табиғатты қорғаудың заманауи үлгісін көрсетті. Акция барысында көп рет қолданылатын арнайы бөтелкелер таныстырылып, бірреттік пластиктен бас тарту идеясын қолдауға назар аударылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоғамда саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.