Шерзат ісіне қатысы бар деп күдікке ілінген «Хутор басшысының» соты басталды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Хасан Қасымбаевқа қасақана ауыр дене жарақатын салу және адам ұрлау айыбы тағылды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы informburo.kz жазды.

Талғар қаласында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деп көрсетілген Хасан Қасымбаевтың соты басталды. Ол MMA спортшысы Арман Әлімовті ұрлап, оған қасақана ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген.

2024 жылдың 2 қарашасында Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мәліметінше, оқиға 2021 жылдың маусымында болған. Сол кезде полиция қылмыс орнынан түсірілген бейнежазбаларды жариялаған. Кейін бұл іске байланысты бес адам сотталып, қазір жазасын өтеп жатыр. Арман Әлімовтің анасы ұлының Қасымбаевпен және «Хуторские» тобының мүшелерімен жанжалы болғанын айтқан.

Бұған дейін Қасымбаевтың есімі Талғарда Шерзат Полатты өлтіру ісінде де аталған. Алайда өзі бейнеүндеуінде қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді. ҚР ІІМ мен прокуратура да Қасымбаевтың аталған іске қатысы жоқ екенін растады және Алматы облысында «Хуторские» атты банданың барын жоққа шығарды.

Қасымбаев ұсталғаннан кейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев өз еркімен қызметінен кеткен. БАҚ олардың туыстық байланысы бар екенін хабарлаған еді.

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс сотқа 8 тамызда түсті. Сонымен қатар сот алдында MMA спортшысын ұруға қатысы бар деп танылған Нұрмұхамет Сұлтанбеков, Мадияр Қалымжанов, сондай-ақ Данияр Аскаров пен Сайлау Ақтанов та жауап беруде.