Алматыда дзюдодан Азия чемпионына шабуыл жасалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2655

Дзюдодан Азия чемпионы, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Дамир Исахановты өлтіруге оқталған, деп хабарлайды madeniportal.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан бірнеше азаматтың көлікке жақындап келіп, әлдене айтып, жанжалдасып жатқанын көруге болады. Бір сәтте Дамир Исахановға бірнеше рет пышақ сұғып, кетіп қалған.

Бір соққы жүрегіне тигенімен спортшы аман қалған.

Алматы Полиция департаменті күдіктіні ұстаған.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақты, объективті жүргізіліп жатыр. Алматы Полиция департаменті басшылығы тергеу барысын бақылауда ұстап отыр», - деді полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...