Алматыда екі апта бойы іздестірілген ер адам өлі табылды

Полиция кз

ЖАҢАЛЫҚТАР
228

Алматыда екі аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 42 жастағы Давид Лебанидзені іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Бостандық ауданында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 1984 жылы туған қала тұрғыны 2026 жылғы 9 қазан күні кешке Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып, содан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздеуге еріктілер де жұмылдырылды. Олар оның белгілері көрсетілген хабарландыруларды таратып, қала тұрғындарынан көмек сұраған.

Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары қайғылы жағдаймен аяқталды. Еріктілердің 25 қазандағы мәліметінше, ер адамның мәйіті 16 қазанда табылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушылар авт...