Үндістанда 80 адам болған айналма дөңгелек кенеттен жерге құлаған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
136

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында түнгі жәрмеңке кезінде алып айналма дөңгелек құлап, кемінде 30 адам зардап шекті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Independent басылымының мәліметінше, оқиға түн ортасына таман Кушинагар ауданындағы Бхайнсаха ауылында болған. Мұнда жыл сайын өтетін жәрмеңкеге жүздеген адам жиналып, ол ежелгі ғибадатхана кешені аумағында ұйымдастырылған. Келушілердің бірі түсірген видеода ондаған адам, соның ішінде әйелдер мен балалар отырған аттракционның кенет бір жағына қисайып, жерге құлаған сәті бейнеленген. Кадрларда кейбір жолаушылардың құлау кезінде де кабиналар ішінде болғаны көрінеді.

Куәгерлер бірден зардап шеккендерге көмекке ұмтылып, адамдарды майысып қалған темір конструкцияның астынан алып шыққан.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, дөңгелекте шамамен 80 адам болған. Аттракцион екі айналым жасап үлгергеннен кейін сықырлаған дыбыс шығып, құрылым құлаған. Кемінде 10 адам ауыр жарақат алып, қалғандары жеңіл жарақатпен құтылған.

Полицияның хабарлауынша, құтқару жұмыстары дереу басталған: оқиға орнына алты жедел жәрдем көлігі жіберіліп, жараланғандар жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген. Куәгерлердің бірі жұмыс барысында тірек сынып, соның салдарынан дөңгелек құлағанын айтқан.

Жәрмеңке жыл сайын Нараяни өзенінің жағасында, ғибадатхана аумағында өткізіліп, көршілес Бихар штатынан келген қажыларды, сондай-ақ Непалдан келген қонақтарды тартады. Алдын ала деректерге сәйкес, бұған дейін де техникалық ақаулар тіркелген, алайда оператор аттракционды пайдалануды жалғастырған болуы мүмкін. Бұл салғырттыққа қатысты елеулі сұрақтар туындатып отыр. Билік өкілдері қылмыстық іс қозғап, қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағанын тексеруде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасына қойылған мораторий өз күшін жойды, деп хабарлады MadeniPortal....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Талдықорғанда полицейлер микронесиелер арқылы жасалған бопсалау схемасын әшкереледі, деп хабарлады M...