Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
729

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі Алматы қаласында өтті. Қаралы жиын таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында басталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ақынның әріптестері мен шәкірттері жиналып, ел руханиятына зор үлес қосқан тұлғаны соңғы сапарға шығарып салды.

Қоштасу рәсімінен кейін марқұмның рухына арналған ас сағат 13:00-де Достық даңғылы, 341/1 мекенжайындағы банкет залында беріледі.

Мұхтар Шаханов қазақ поэзиясында ерекше орны бар, ұлттық құндылықтар мен рухани мәселелерді батыл көтерген қайраткер ретінде халық жадында сақталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...