Хабиб Нурмагомедов БАӘ билігімен келісімге келіп, інісін босатып алды

Фото: әлеуметтік желіден/Mash Телеграм-арнасы

СПОРТ
111

UFC-дің бұрынғы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабидегі қонақүйлер бірінде грузин Мераб Двалишвилиге шабуыл жасағаннан кейін ұсталған інісі Усман Нурмагомедов пен оның жолдастарын босатуға қол жеткізді. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Mash на спорте" Telegram-арнасының мәліметінше, бастапқыда Усманның айналасындағы адамдар мәселені өз бетінше шешпек болып, кейін Хабибтен көмек сұраған.

Бұған дейін Усман Нурмагомедов UFC басшысы Дана Уайт пен америкалық серіктестерінен жәрдем сұраған, алайда олар БАӘ-де басқа заңдар қолданылатынын айтқан. 

Бұған қоса файтерлер Магомед Анкалаев пен Хамзат Чимаев Двалишвилиге қысым көрсеткен, бірақ бұл жағдайды өзгертпеді. Ақыры Хабиб жергілікті билікпен келіссөздер жүргізу үшін Әмірліктерге өзі ұшып барды.

Хабиб Нурмагомедов інісі мен оның жолдастарын БАӘ-де қамаудан босату мәселесін шешті, деп хабарлайды Telegram-арна дереккөзге сілтеме жасап.

Еске салсақ, 2026 жылдың 11 қарашасында Real American Freestyle (RAF) турнирі қарсаңында қонақүй холында Мераб Двалишвили сұхбат беріп жатқанда, артынан қасында бірнеше адамды ертіп жеңіл салмақтағы PFL чемпионы Усман Нурмагомедов келген. Бейнежазбаға қарағанда, Усман грузин файтеріне тіл қатып, шапалақпен тартып жіберген. 

БАӘ билігі Усман мен басқаларға қатысты алты айға бас бостандығынан айыру, айыппұл салу және жазасын өтегеннен кейін депортациялау үкімін шығарды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық 28 жастағы видеограф әрі блогер Дастан Мұхамедрахымның табыс тарихы әлемге танымал Forb...

Шоу-бизнес

Әнші Нұрлан Еспанов атаққа байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Өнер иесі неге...