Алматыда пойыз бен автобус соқтығысып қалған

Алматы қаласы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
496

Алматы облысында полиция қызметкерлері Алматы — Боралдай — Шамалған станциясы автожолы бойындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына жол берген автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті таратқан.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз теміржол өткелі арқылы өтіп бара жатқан. Қоғамдық көлік жүргізушісі пойызға жол бермей, салдарынан бір-біріне соғылған», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...