Алматыда қару мен оқ-дәрі салынған қап табылды (ВИДЕО)

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
283

Алматы қаласының Түрксіб ауданында, жекеменшік сектордағы қараусыз қалған ғимараттың маңынан ішінде қаруы бар күмәнді қап табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті жазды.

«Қаптың ішінен сыртқы белгілері бойынша "Сайга" ойық ұңғылы карабиніне, тапаншаға ұқсас заттар, сондай-ақ оқ-дәрілер – карабинге арналған 10 оқ пен тапаншаға арналған 4 оқ табылды», – делінген хабарламада.

Табылған заттардың барлығы тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Полицейлер қарудың қайдан шыққанын, оның қандай мақсатта қолданылған болуы мүмкін екенін және қауіпті арсеналдың қандай жағдайда қараусыз қалғанын анықтайтын болады.

СПОРТ

Түркиялық "Фенербахче" бапкері Исмаил Картал Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойын т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысының Құлсары қаласында жаңа оқу жылының басында 1200 орындық №26 мектеп ашылды. Мектепті...