Желіде Алматы орталығында есінен танған қызға көмек көрсету барысында оны тонаған адамдарға қатысты...
Қостанай көшелерінде жалаңаш жүгіріп жүрген жігіт ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
2316
19 жастағы жігіт қала көшелерінде «киімсіз марафон» ұйымдастырып, уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды.
Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ. Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды, — деп жазылған polisia.kz хабарламасында.
Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.