Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы шығармашылық кеш өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz. Салтанат...
«Астана – ақшаң болмаса аштан қалатын қала»: Елордаға арман қуып келгендердің жағдайы қандай?
коллаж: madeniportal.kz
Астанаға Қазақстанның әр түкпірінен қоныс аударғандар өз жағдайлары туралы Qazaq Airan-ға сұхбат берген, деп хабарлады madeniportal.kz.
Елордаға жайлы өмір іздеп барғандар әлі күнге дейін күндерін әрең көріп отырғандарын жеткізген. Кейде тіпті бір бөлке нанға ақша таппай қалатындарын да жасырмады.
«Астана үлкен қала деп қызықпасаңыз, бұл жерде ұнайтын түк те жоқ. Күн көріс қиын. Астанада ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Бұл жақта ең қиыны қаражат жағы. Қаражатыңыз болмаса аштан қаласыз. Үйдегі балалар басқа жаққа кетейікші, сол жағалауға көшейікші дейді, оған біздің жағдайымыз келмейді», - дейді 2021 жылы көшіп келген көпбалалы ана Ляззат Дошанаева.
Ал қар тазалаушы Смайыл Әбдуа болса кішкентай 4 жастағы қызын туған жеріне тастап, әйелі екеуі қаражат табуға Астанаға келген.
«Зәулім үйлерді тазалап жүріп, демалған кезде армандаймыз. Үйлерге қарап тұр, мен де осындай үйде тұрсам ғой деп. Заман қымбатшылық болып кетті ғой. Ондай үйлерде тұру үшін кемі 250 мың теңге болуы керек. Баспанамыз болса екен деп қатты армандаймын. Бала-шағаммен, әйеліммен тату тұрсам ғой деп. Кешке жұмыстан шаршап келгенде үйіңде әйелің күтіп алса... Бұндай үйлерде тұру үшін депутаттар сияқты жалақы алу керек шығар», - дейді Астанаға бір апта бұрын көшіп келген Смайыл Әбдуа.
Ал саясаттанушы болса бұл арман қуып келгендердің басты мәселесі – қымбатшылық екенін атап өтті.
«Әрбір қазағымыз Астанаға келіп өз арманын орындағысы келеді. Бұл әрине дүрыс. Бірақ елордаға жұмыс іздеп келіп жатқандар жұмыс тауып жатса да, баспана жағы өте ауыр болып тұр. Себебі өзіңіз білетіндей қазір баға шарықтап тұр. Үй аламын деген замандас пен мердігер компаниялардың шарттарын жараспай тұр. Көбісінің жағдайы келмейді. Баламды дамытамын, жақсы үйірмеге берейін десе де қалтасы көтермейді. Жалпы осы бір қымбатшылық армандарға тосқауыл», - дейді саясаттанушы Рамазан Саттарұлы.