«30-дан асқан әйелдерді күзет қызметіне алмау керек»: Ринат Зайытов мекемелер қауіпсіздігін сынға алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1810

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға мәдени орындардағы күзетшілердің жас шегі және қаруы бар адамдарды тіркеу мен қадағалау туралы сұрақ қойды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Мәжіліс депутатының сөзінше мәдени мекемелердегі күзетшілердің жас ерекшелігін шектеу керек.

«Театрға барыңыз, кітапханаға барыңыз, мұражайға барыңыз көбіне алпысқа тақап қалған ата-апаларымыз күзетші болып жүреді. Негізінен олардың өзіне күзетші керек қой. Ертең, құдай бетін ары қылсын, жаман оқиға болмасына кім кепіл. Сондықтан министрлердің орынбасарына айтарым, тым болмаса бір ортақ талап қоюға бола ма? Тым болмаса отыздан асқан әйелдерді күзет қызметіне алуға болмайды деген. Ақылға қонбайтын нәрселер ғой», - деді Ринат Зайытов.

Сонымен қатар, әрбір қару ұстаған адамды да тіркеп және оны қадағалап отыру керек, дейді депутат.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...