Қостанайда дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген ер адам сотталды

Фото: “Наша газета”

ЖАҢАЛЫҚТАР
1528

Қостанай облысында дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген Абылайхан Сәрінжіповке қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

«Алау» басылымының мәліметінше, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазады.

Сол сияқты ол моральдық зиян үшін екі миллион теңге және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге өтеуі тиіс.

Тергеу барысында белгілі болғандай, оқиға болған күні Сәрінжіпов ауруханаға бүйрек ауруына байланысты жеткізілген. Біраз уақыт күткен соң оны дәрігер Кистанов қабылдаған. Алайда қабылдау кезінде екеуінің арасында сөзталас туындап, науқас дәрігердің ауыз тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан Кистанов жерге құлап, басымен қабырғаға соғылған. Салдарынан дәрігер ауыр халде жансақтау бөліміне түскен болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...