Алматыда жер сілкінісін дер кезінде хабарламаған шенеуніктер сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1051

Жер сілкінісін дер кезінде хабарламаған шенеуніктер қылмыстық жаза алып, түрмеге қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

2024 жылдың қаңтарында Алматыда болған жер сілкінісі кезінде автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі дұрыс жұмыс істемей, тұрғындар зілзала туралы уақтылы ақпарат алмаған.

Тергеу нәтижесінде «TNS-INTEC» компаниясының бас директоры сапасыз жабдық жеткізіп, бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды.

Сот үкімімен кінәлілердің барлығы бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

«Нәтижесінде, жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін Алматы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары мен жабдықтың сапасына бақылау жүргізбеген техникалық қадағалау өкілдері қылмыстық жазаға тартылды», - дейді прокуратура.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...