Алматыдағы 3 адам қаза тапқан жантүршігерлік апатқа күдікті - ірі кәсіпкер

Фото: Kozachkov offside телеграм арнасы

ЖАҢАЛЫҚТАР
373

Алматыда 21 наурыз күні болған 3 адамның өмірін қиған ауыр жол-көлік оқиғасына қатысты тың деректер жарияланды. Күдіктінің ірі кәсіпкер екендігі туралы ақпараттар тарауда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай әл-Фараби даңғылының бойында тіркелген.

Kozachkov offside Telegram-арнасы таратқан алдын ала мәлімет бойынша, 009JET мемлекеттік нөмірі бар Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, бетпе-бет келе жатқан «Мерседеспен» соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлікте отырған үш адам – 29 жастағы жүргізуші және екі жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты. Қыздардың бірі 22 жаста болса, екіншісі жуырда ғана 20 жасқа толған.

Жол талғамайтын көлікті басқарған ер адам да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның қабырғалары, жамбас сүйегі және оң аяғы сынғанын анықтаған.

Бұл жол апаты әлеуметтік желілерде бірнеше күннен бері қызу талқыланып жатыр.  

Мәліметтерге сәйкес, Zeekr көлігінің тізгінінде 32 жастағы Александр Пак болған. Ол Алматының жоғарғы бөлігінде тұрады. Тіркелген мекенжайында екі компания – «ГУ ХОЗУ Алматы» ЖШС мен «Глобал Партнер» ЖШС орналасқан. Александр Пак осы екі ұйымның да құрылтайшысы ретінде көрсетілген.

«ГУ ХОЗУ Алматы» компаниясы 2025 жылы ғана құрылған және бір жыл ішінде шамамен 500 мың теңге көлемінде салық төлеген. Ал «Глобал Партнер» ЖШС-нің айналымы едәуір жоғары. Бұл компания 2024 жылдың күзінен бері бюджетке 50 миллион теңгеден астам салық аударған. Мұны көліктің бағасынан да аңғаруға болады – мұндай қытайлық автокөлік шамамен 100 мың доллар тұрады.

Жол апатына байланысты жауапкершілік мәселесі де талқыланып жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, мұндай жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Көп жағдайда сотталғандар қауіпсіздігі ең төмен колонияға жіберіледі.

Алайда куәгерлердің айтуынша, апат болған түні Zeekr 9X басқа бір көлікпен жарысқа түскен. Бұл жағдайға құқықтық баға беру кезінде маңызды мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, бірқатар елдерде мұндай оқиғаларға қатысты жаза анағұрлым қатаң. Мәселен, Ресейде осындай апат үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылса, АҚШ-та бұл мерзім 20 жылдан асуы мүмкін. Германияда тіпті кей жағдайларда мұндай жүргізушілерді адам өлтіруші деп танып, өмір бойына соттаған мысалдар бар.

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты заңнаманы жетілдіру мәселесі де қоғамда талқыланып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Төбел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты күдікке ілінген 29 жас...