Үздік мемлекеттік қызметшілерге "Аманат" халықтық сыйлығы тапсырылды

Жаңалықтар
858

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада бастаған қоғам белсенділері еңбегімен ерекшеленген үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтап, "Аманат" халықтық сыйлығын тапсыруды ұйғарып отыр. Қазақстанның барлық өңіріндегі мемлекеттік қызметшілердің арасынан жергілікті жердің белсенді қоғам өкілдері өздері таңдап, марапатқа ұсынады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" АА.


Осы жайында толық ақпарат беру үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңында өткен брифингке филология ғылымдараның кандидаты Мырзатай Жолдасбекұлы қатысты.
Алматы облысында  осы марапатқа лайықты деген екі мемлекеттік қызметшіге "Аманат" халықтық сыйлығының төсбелгісі тапсырылды. Олар,  мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек етіп жүрген Қарасай ауданы әкімдігінің қызметкері Тысиков Василий Васильевич және алты баланың анасы Алматы облысының қазынашылық департаментінің қызметкері Аязбаева Айгүл Бақбергенқызы.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...