ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды...
Қымбат Досжан немересіне ерекше есім қойды
Фото: egemenqazaqstan
Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан немересіне ерекше есім қойды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қымбат Досжан немересіне қойған ерекше есімнің сыры туралы ой бөлісті.
«Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты – қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың...
Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен», – деп жазды тележүргізуші.
Қымбат Досжан өз жазбасында Асқар Сүлейменовпен алғаш кездесуі туралы айтып, немересіне ол кісінің анасының есімін беру туралы неліктен тоқталғанын айтты.
«Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш «Жетінші палата» спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құс мұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді.
Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды», – деп жазды Қымбат Досжан.