Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында! - Қ. Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР
3066

Азаматтық қоғамды қолдау керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Азаматтық қоғамды қолдау керек, оны мемлекеттің өзекті тапсырмаларын талқылауға тарту қажет. Осы үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды, ол ротациялық принциппен жұмыс істейді», деді Мемлекет басшысы Жолдауында. 

Сондай-ақ, хабарламада этносаралық бірлік тураы да айтылған.

«Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!» - деді Қ. Тоқаев.


 



ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...