Ақмола облысында әйел адамды пойыз басып кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2361

Ақмола облысындағы Макинка стансасының теміржолында әйел адам көз жұмды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әлеуметтік желілерде 23 желтоқсанда 36 жастағы әйелдің пойыздың астына құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр.

«Осы жылдың 23 желтоқсанында сағат 19:00 шамасында Ақмола облысындағы «Макинка» стансасында болған кісі өлімінен кейін Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Көліктегі Полиция департаменті. 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...