Жаңаарқада спартакиада кезінде жаппай төбелес болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
119

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Сәкен Сейфуллин ауылдық округінде өткен XXIII дәстүрлі ауыл спортшылары спартакиадасы күтпеген оқиғамен есте қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Вairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желідегі vk_gazeta парақашсында жарияланған.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайрат Қожықаев, құрметті қонақтар, ауылдық округтердің спортшылары мен тұрғындары қатысты. Алайда көпшілік жиналған мерекелік шара кезінде жастар арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанжал кезінде тәртіпті бақылап, жағдайды реттейтін жауапты тұлғалар мен құзырлы органдардың өкілдері көзге түспеген. Тұрғындар мұндай ауқымды іс-шарада қауіпсіздік шараларының жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмағанына алаңдаушылық білдіруде.

Әлеуметтік желіде тараған жазба авторлары бұл жағдайға жауапты мекемелердің назар аударуын сұрап, Ұлытау облысының әкімі Есет Берікұлының оқиғаға құқықтық әрі ұйымдастырушылық тұрғыдан баға береді деген үмітін жеткізген.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен полицияның ресми түсініктемесі жарияланған жоқ. Редакция ресми органдардың жауабын жариялауға дайын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Ыстықкөлде қазақстандық туристер мен жергілікті тұрғын арасындағы жанжалдың видеосы тарады. К...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық ер адамның сатып алған көлігі Ресейде іздеуде болып шыққан. Осылайша ол көлігінен айыры...