Ақмола облысында көкпар кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
680

Қайғылы оқиға Целиноград ауданына қарасты Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі маңында болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, көкпар азаматтардың жеке бастамасымен ұйымдастырылған. Бұл ресми спорттық немесе бұқаралық іс-шара ретінде тіркелмеген, сондай-ақ оны өткізуге жергілікті әкімдікке ешқандай өтініш түспеген.

Алдын ала дерек бойынша, ойынға ересек адамдар қатысқан. 14 жастағы бала оқиға орнына туыстарымен бірге барған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...