Үндістанда қыз зорлады деген күдікке ілінген қазақстандықтың кім екені белгілі болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
517

Үндістанда 16 жастағы қазақстандық велоспортшыны зорлады деген күдікке ілінген бапкерге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін Үндістанда қазақстандық бапкердің кәмелетке толмаған спортшыға қатысты зорлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған еді. Кейін күдіктінің велотренер Мақсат Аязбаев екені белгілі болды.

Үндістанның құқық қорғау органдары оған қатысты қылмыстық іс қозғап, қазір тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстан велоспорт федерациясының мәліметінше, Мақсат Аязбаев соңғы жылдары Қазақстан ұлттық құрамасына қатысы болмаған. Ол Үндістан тарапымен келісім бойынша жұмыс істеп, осы елдің велоспорт құрамасын жаттықтырған.

Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомство бапкердің туыстарымен байланыста екенін айтып, оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Министрлік істің тергелу барысын бақылауда ұстап отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы коммуналдық қызметтердің құны айына қанша теңгені құрайды және шаршы метр бойынша әр е...

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...