Ақмола облысында су жаңа 15 көлік тиелген екі жүк көлігі апатқа ұшырады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
270

Ақмола облысында 15 жаңа автокөлігі бар екі көлік тасымалдаушы аударылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Екі ірі габаритті автокөлік құралының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 13 қарашада "Астана-Атбасар – Жақсы" автожолының 131 - ші шақырымында болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "FAW" автокөлік тасымалдаушыларының шетелдік жүргізушілері Хоргостан Ресей Федерациясына он бес жаңа көліктің үлкен партиясын тасымалдап келе жатқан. Қозғалыс кезінде трассада пайда болған мұзға байланысты бірінші көлік тасымалдаушының жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. Соқтығысу нәтижесінде бірнеше тонналық жүк көліктері жолдан шығып, кюветке құлаған. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік тасымалдаушының жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы үшінші атом электр станциясы Қостанай маңындағы Тобыл өзенінің жағасына салынуы мүмкін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мә...