Ақмола облысында төрт адам туберкулезден қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1673

2025 жылдың басынан бері Ақмола облысында туберкулезден төрт адам қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметінше, өлімге себеп болған – ауруды кеш анықтау. Қайтыс болғандардың арасында науқаспен байланыста болған, бірақ дәрігерлерге өз жағдайы туралы хабарламаған жас әйел бар.

«Туберкулезбен ауыру себептері бұрынғысынша қалып отыр: медициналық көмекке кеш жүгіну, флюорографияны уақытылы өтпеу, материалдық қиындықтар, қосымша аурулардың болуы. Адамдар көбіне өз бетінше емделіп, медицина ұйымдарынан бой тасалайды», – деді Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жанаргүл Есімжанова.

2025 жылдың басынан бері өңірде туберкулездің 111 жаңа жағдайы тіркелген.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...