Кеше бір тәулікте 3 орман өрті тіркелді

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
79

2026 жылғы 7 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өңірлер бойынша:

  • Батыс Қазақстан облысында – 1 өрт;
  • Ұлытау ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
  • Көкшетау ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт.

Батыс Қазақстан облысындағы өрт ошағын «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мамандары әуе патрульдеуі барысында анықтаған. Өрт туралы хабар түскеннен кейін орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді.

Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десантшылары, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Барлық үш өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.

Елімізде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Орман алқаптарында әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар Ақтаудағы Caspian Sea Action Week 2026 экология апталығына қатысты, деп хабарлайды Made...

Шоу-бизнес

МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев немересінің алғашқы тойын жасады, деп хабарлайды MadeniPortal....