«Ата-енесінен ұялмайды ма»: Баян Алагөзованың келіні тағы сынға ұшырады (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
250

Танымал продюсер Баян Алагөзованың інісінің жары, әнші Жарқынай Ханайым жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды. Алайда әншінің клиптегі образы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Жаңа бейнебаянда Жарқынай Ханайым батыл әрі ашық образда көрініп, би билеген. Әншінің сахналық стилі көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде түрлі пікірге себеп болды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иесінің образын сынап, тым ашық киінгенін алға тартқан. Ал енді бірі мұны шығармашылық образ ретінде қабылдап, әншінің жаңа стиліне қолдау білдірген.

"Шешінбесеңде құдайлың берген талант бар едіғой өкінішті", "Шешінген заман-ай", "Бұрын шешінуге қызығатын, қазір таланттардың заманы, қанша шешінгенімен өтпейді халыққа", "Ата-енесінен ұялмайды ма?", - деген секілді пікірлер қалдырылған.

Осылайша, Жарқынай Ханайымның жаңа бейнебаяны әнінен бөлек, ондағы батыл образымен де жұрттың қызу талқысына түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісайдағы тойда айтқан уағызынан кейін қамауға алынған 66 жастағы ақсақалдың қызы әкесінің қамауда...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобуста төбелес болып, желілерде видеосы тарады. Қоғамдық көліктің ішіндегі төбелес кезін...