Ақтауда курьер тамақ тасып жүрген жерінде көз жұмды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1671

Ақтау қаласындағы «Волна» атты базардың маңында ер адам курьер болып жүріп көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Lada.kz басылымының жазуынша, ер адам курьер болған. Қаланың 5-ші шағын ауданындағы «Волна» базарына қарай тапсырыс әкелген ол көшеде құлап, есінен танып қалған.

Адамдар қатты ыстыққа байланысты басы айналған шығар деген үмітпен курьердің бетіне суық су шашып, жедел жәрдем шақырған. Алайда, жедел жәрдем келгенше ер адам көз жұмған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлағандай, базар маңынан өтіп бара жатқан адамдар түскі сағат 13:32-де жедел жәрдем шақырған. 1976 жылы туған ер адамның жүрегі тоқтап қалды деген болжам бар. Оның өлімінің дәл себебін медициналық сараптама көрсетеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанға шетелдік төлқұжа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...