«Қызым ішкиімсіз жатты, үстінде — жиенім»: Балқаштағы азаптау ісі бойынша тың мәлімет айтылды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
838

Балқаштағы іс бойынша күдіктінің жұбайы өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Балқашта 8 жастағы баланың азапталуына қатысты атышулы іс бойынша жаңа мәліметтер шықты. Күдікті ретінде қамауға алынған ер адамның жұбайы — Нәсіпгүл Айдынова — жәбірленуші баланың туған тәтесі болып шықты. Ол күйеуінің әрекетін зорлық емес, қорқыныштан туған рефлекс деп түсіндірді. 

Айдынованың айтуынша, оқиға күні күйеуі кішкентай ұлын ұйықтатып, 8 жастағы жиені мен 4 жастағы қызын планшетпен ойнауға қалдырған.

«Күйеуім ашық тұрған есіктің жанынан өтіп бара жатып, қызымыздың ішкиімсіз, екі аяғын ашып жатқанын, ал үстінде — жиеніміз, оның да ішкиімі мен шортысы түсіп тұрғанын көреді. Сол сәтте шошып, жиенін итеріп жібереді де, қызымыздың денесін тексеріп, жарақат бар-жоғына қарай бастайды», — деді ол.

Оның айтуынша, ер адам баладан не істегенін сұрағанда, ол: «Бір-ақ рет тықтым», — деп жауап берген.

Айта кетейік, бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, баланың азапталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...