«7-20-25» бағдарламасы аясында банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастайды. Бұл т...
Шерзаттың әкесін бөтелкемен ұрып, әжесін арыққа құлатқан: Полаттың ісіне қатысты тың деректер айтылды
Фото: видеодан скриншот
2333
Бүгінгі болған сот отырысында Шерзат Полаттың өліміне қатысты оқиға туралы тың деректер айтылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Прокурордың сөзінше, аталған жерде кінәлілердің біреуі төбелес болып жатқан кезде дүкен ішінен шыққан Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың бетінен әйнек бөтелкемен ұрған. Ал, Азамат Тоқтаубаев тергеумен анықталмаған таспен Нұрымовтың желке тұсынан соққы келтірген.
Сонымен қатар, Шерзаттың әжесі “Қамажай” дүкеніне қарай бара жатқанда, алдынан Шынасыл шығып итеріп, арыққа құлатқан. Ал, Шерзаттың жолдың үстінде отырғанын көріп бармақшы болған анасының алдынан Ілияс пен Шынасыл шығып, екі қолынан білегінен ұстап алып жібермей қойған. Анасының білектерінде көгерген іздер анықталған.