Қарағанды облысында пойыз 4 жұмысшыны қағып өлтірді

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
241

Мойынты-Шығанақ учаскесінің Шешенқара–Қаражанғыл аралығында ірі теміржол апаты болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, бағыт бойымен келе жатқан жүк пойызы машинисі жолдағы теміржолшыларды байқап, шұғыл тежеу қолданған. Ол сәтте Сарышаған станциясының жол жөндеу бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатқан.

- Алайда қабылданған барлық қауіпсіздік шараларына қарамастан, апатты болдырмау мүмкін болмады. Төрт жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ақпаратта.

Оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау үшін ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұлттық компанияның бас инженері басқарады. Оның құрамына «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясының басшылары кірген.

Комиссия мүшелері дереу оқиға орнына барып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

- Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген ресми хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергі...