Ақтөбеде үйді жалға алушы пәтер иесін балғамен ұрып өлтірді

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
1642

Ақтөбеде пәтер иесі мен жалға алушы арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 54 жастағы ер адам үй иесінің балағаттауына шыдамай, оны балғамен ұрып, кейін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды madeniportal.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 

Іс материалдарына сәйкес, 54 жасар айыпталушы досының пәтерінде ақшаға тұруға рұқсат сұраған. Әдеттегідей екеуі ішімдік ішіп, думандатқан, алайда отырыс адам өліміне әкелген.
Сот құжаттарына сай, пәтер иесі балағат сөздер айтқан, оған шыдамаған жалға алушы оның басынан балғамен бірнеше рет соққы жасаған. Кейін ас үйден пышақ алып, үй иесінің кеуде тұсына сұғып алған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. 

Айыпталушы сотта:

  • Үй иесін балғамен тек бір рет ұрғанын,
  • Қалған жайттарды есіне түсіре алмайтынын,
  • Пышақпен ұрмағанын, тек қорқытқысы келгенін айтты.

Сондай-ақ ол инсульт алғанын, сол себепті есте сақтау қабілеті нашарлағанын алға тартты.

Соған қарамастан сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі оқушылардың көктемгі каникулда неше күн демалатынын айтты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда оқушы қыздар тоғызыншы сынып оқушысына жабылып, соққыға жыққан, деп хабарлайды MadeniPo...