Ақтөбеде жатақхананың 4-қабатынан құлаған студент ауруханада көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
192

17 жастағы Нұрбақыт Бақыт жатақхананың төртінші қабатынан құлап, 42 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқаннан кейін көз жұмған. Қазір оның өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай 2026 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, төртінші курс студенті 21 жастағы Мәди Сүгербай төменгі курс студенттерін түнде дүкенге жұмсаған. Алайда жатақхана есіктері жабық болғандықтан, олардың бірі терезеден шығуға мәжбүр болған.

Айыптау материалдарына сәйкес, 17 жастағы Нұрбақыт Бақыт бес төсек жапқышын бір-біріне байлап, төртінші қабаттан төмен түсуге әрекет жасаған. Бірақ ол тепе-теңдігін жоғалтып, жерге құлаған. 

Жасөспірім ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, Нұрбақыт 42 күннен кейін, 9 маусымда көз жұмған.

Марқұмның анасы ұлының өз еркімен төмен түспегенін, оны жоғары курс студенті мәжбүрлегенін айтады. 

Қазіргі уақытта 21 жастағы Мәди Сүгербайға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 119-бабы (қауіпті жағдайда қалдыру) және 104-бабы (абайсызда адам өліміне себеп болу) бойынша айып тағылған.

Алайда сотталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Оның анасы да ұлының кінәсіз екенін айтып отыр.

Сот отырысында жатақханадағы жоғары курс студенттерінің төменгі курс студенттеріне қысым көрсеткені, оларды қорқытып, әлімжеттік жасағаны туралы да мәліметтер айтылған.

Марқұмның анасы колледж басшылығы мен жатақхана қызметкерлерінің де жауапқа тартылуын талап етіп отыр. 

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай ауданында оқушылардан ақша бопсалап, айтқанына көнбегендерді ұрып-соғатын бе...