Алматыда жол апаты болып, салдарынан 8 адам көз жұмды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1496

Алматы облысында 8 адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы–Бішкек автожолының 107-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуға шақырды. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...