Ақтөбелік жүргізушіге 3,5 млн теңгеге айыппұл салынған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3668

Шетелдік нөмірі бар Toyota көлігінің 27 жастағы жүргізушісі екі айдың ішінде жол қозғалысы ережесін 131 рет бұзып, рекорд орнатты. Салдарынан оған 3,5 миллион теңге көлемінде айыппұл келген, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы inbusiness.kz жазды. Жүргізуші жылдамдықты асырып, маневр жасау ережелерін бұзып және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да өрескел әрекеттер жасаған. Құқық қорғау органдарының шешімімен көлік айыптұраққа қойылды.

“Жүргізушінің құқық бұзушылықтарының жиілігі мен сипатын ескере отырып, оның әрекеттері адам өліміне алып келіп немесе ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болуы ықтимал еді. Әрбір құқық бұзушылық — адам өміріне қауіп төндіреді", — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...