Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикас...
«Мен сені адам танымастай қылып тастаймын»: Шымкентте ер адам әйеліне қышқыл төкті
Коллаж: әлеуметтік желі
Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін аңдып, үстіне қышқыл төккен. Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
@nemolchikz мәліметінше, әйел баласы дүниеге келгеннен кейін бес жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі оның атына несие рәсімдеп, алимент төлеуден бас тартқан. Оның қарызы шамамен 10 мың теңге болғаны айтылады.
Әйелдің әріптестерінің жазуынша, ер адам бір күні жаңа нөмір сатып алып, өзін клиент ретінде таныстырып, бұрынғы әйеліне хабарласқан. Ол әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына алдын ала жазылған. Алайда салонға арнайы жұмыс киімін киіп, қолына канистра ұстап келген.
Жәбірленушінің айтуынша, қышқыл төгілгеннен кейін киімінің терісімен бірге еріп жатқанын өз көзімен көрген. Ер адамның оған «Мен сені адам танымастай қылып тастаймын» дегені де айтылып отыр.
Қазір әйел ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Оған тері ауыстырып салу және бірнеше ота жасау қажет.
Қордың мәліметінше, күдікті ұсталған. Алайда оның үйқамаққа шығуға әрекет жасағаны айтылды.