“Арқасы сабалған, беті көкпеңбек”: Меркідегі әйел өліміне қатысты тың дерек шықты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
105

Жамбыл облысы Меркі ауданында 8 айлық сәбиі бар жас келіншектің жұмбақ жағдайда қайтыс болуына қатысты құрбысы жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін марқұмның отбасындағы жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған. Алайда оның жақындары бұл нұсқаға күмән келтіріп, өлімнің мән-жайын толық әрі жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.

Марқұм қайтыс болар алдында құрбысына күйеуінен зорлық көргенін жазған. Атап айтқанда, әйел жолдасы оны «Барни» шоколадын жеп қойғаны үшін ұрып-соққанын айтып, ажырасу үшін ақша сұрағаны туралы хаттар тараған.

Оқиғаға қатысты марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде жазба жариялап, оның денесінде көптеген жарақат болғанын мәлімдеді.

«Мадинаның денесінің сау-тамтығы жоқ, сүйреп асып қойған сияқты. Өзін өлтірген адамға ұқсамайды, шыны керек. Шашы қоқым-қоқым, аяғы сырылған. Арқасы сабалған, беті көкпеңбек», – деп жазды ол.

Қазіргі таңда марқұмның жақындары мен қоғам белсенділері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, өлімге қатысы бар адамдар болса, оларды заң аясында жауапқа тартуды талап етіп отыр. 

Әлем

Германияда Хайденау қаласының маңындағы Эльба өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір адамның денесінің 10 пайызы, екіншісінің 20 пайызы күйік шалған. Екеуі де Қарағандыдағы аурухана...