Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған екі қыздың бірінің ұялы телефонынан куә...
Ер адам қызға барамын деп “қораға” кіріп күлкіге қалды
Фото: freepik
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Б. есімді азамат «Друг Вокруг» желісі ақылы А. есімді бойжеткенмен танысқан. Ары қарай бойжеткен оны үйіне қонаққа шақырған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
«Пәтерге келгенде, үйде тек 1 қыз емес, тағы екі бойжеткен отырған. Біраз уақыттан кейін қыздардың бірі жігітті оңаша бөлмеге шақырған. Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған», - деп хабарлайды дереккөз.
Осыдан кейін қыздар «не бізге 800 мың теңге бересің, не біз үстіңнен арыз жазамыз» деп бопсалаған.
«Қыздар ер адамның жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін алып, ақшаны толық бергенде қайтарамыз деген. Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Қыздар келесі жолы 30 мың теңге алып жатқан жерінде қолға түскен. Күдікті қыздар ұсталып, қазір полиция тергеу бастады», - деп хабарлайды polisia.kz.