Асанәлі Әшімовтің отбасы туралы жылы бейнежазба тарады

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
192

Әлеуметтік желіде КСРО Халық әртісі, қазақ театр және кино өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің отбасылық мұрағатынан алынған сирек бейнежазба жарияланды,  деп хабарлайды  MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде КСРО Халық әртісі, қазақ театр және кино өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің отбасылық мұрағатынан алынған сирек бейнежазба жарияланды, 
Instagram желісіндегі танымал парақшалардың бірінде жарық көрген бұл видео қысқа уақыт ішінде көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп, кеңінен таралды. Мұрағаттық кадрларда өнер иесінің анасы, жары және балалары бейнеленген.

Бейнежазба өткен ғасырдың атмосферасын, сол кезеңдегі қарапайым тұрмыс пен отбасылық жылылықты айқын көрсетеді. Көрермендер видеодан шынайы мейірім мен бақытты байқағандарын айтып, оны Асанәлі Әшімов әулетінің құнды естелігі ретінде бағалауда.

Жазба сипаттамасында: «Асанәлі ағаның анасы, жары, балалары осы видеода. Жылылық пен бақытқа толы қандай әдемі естелік», – деп жазылған.

Желі қолданушылары да бейнежазбаға бейжай қалмай, жүрекжарды пікірлерін қалдырды.
«Екі ұлы қайтты, Алла алдынан жарылқасын, иманды болсын. Сағынышы өшпеген екен… Жұмақта қауыштырсын», «Майра анамыз иманнан құр емес екен, иманы жолдасы болсын», «Қандай әдемі естелік… Жатқан жерлері жайлы болсын» – деп жазды көпшілік.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұл істе майор мен кіші сержант басты күдікке ілігіп отыр. Сот отырысында айыпталушылардың қорғаушыл...