Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ағылшын тұқымды жүйрік Кабирхан ұзақ үзілістен кейін қайтадан...
Атырауда кәсіпкерге 86,5 мың теңге айыппұл салынды
Фото: gov.kz
Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Полиция мәліметінше, дүкенді жалға алған кәсіпкер көп адам жиналуы мүмкін іс-шара өтетіні туралы тиісті органдарға алдын ала хабарламаған. Осыған байланысты 1995 жылы туған бутик иесі ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК (86 500 теңге), ал заңды тұлғаларға 50 АЕК (216 250 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Адамдардың жаппай жиналуына жаңа дүкеннің ашылуы және футболкалардың арзан бағамен сатылатыны туралы ақпарат себеп болған. Дүкенге кіруге келгендер көп болғандықтан, кіреберісте кептеліс пайда болған. Сондай-ақ дастархан жайылған жерде де адамдар арасында итерілу болған.