Meta вице-президенті Янн Лекун Қазақстан Президентімен кездесті

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1505

Мемлекет басшысы Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы нейрожелілер саласындағы Янн Лекунның жаңашыл жетістіктерін жоғары бағалап, оның жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Президент Қазақстанның жаппай цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамудың басты факторы ретінде кеңінен қолдануды қарастырып отырғанын айтты. Сондай-ақ елде дербес ЖИ экожүйесін құру және Қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (KazLLM) жасақтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Meta Platforms Inc компаниясымен Қазақстанда ЖИ технологияларын дамыту бойынша бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосу жөніндегі келісімді қолдап, технология алыбымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент–Бадам тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиғад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін аңдып, үстіне қышқыл төккен. Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алы...