Астана-Петропавл тас жолындағы апаттан 3 адам қайтыс болды

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
122

Ақмола облысында Астана – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасы растады.

Қайғылы оқиға Жаңаталап ауылының маңында болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан отқа оранған жеңіл көлікті көруге болады.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың жеке басы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты салдарынан үш адам көз жұмған, олардың бірі – бала. Күйік шалған бір зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан кейін жеңіл көлік өртеніп кеткен.

«Жағдайды ең жақын өрт сөндіру бөлімінің оқиға орнынан 30 шақырым қашықта орналасқаны қиындатты. Құтқарушылар жеткен кезде автокөлік толықтай отқа оранған болатын», – деп мәлімдеді ведомство.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенге дейін оған алғашқы медициналық көмекті жол бойындағы қызметкерлер көрсеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелетке толмаған бес баласының алдағы тағдырына қатысты жеке қаулы шығар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда екі таныстың арасындағы жанжал қарулы шабуылға ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Пол...