Радардан жоғалып кеткен тікұшақтың сынықтары болуы мүмкін: Отар маңында әуе кемесінің сынықтары табылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1411

Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі аумағында ғарыштық мониторинг арқылы мұнай тәрізді дақ анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған аумақты тексеру барысында құтқарушылар әуе кемесінің сынықтарын тапты. Әзірге ресми түрде расталмаған мәліметтерге сәйкес, бұл Отар елді мекені маңында байланыс үзілген тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған арнайы техника: эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) және суасты дрондары қолданылуда.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің Әуе күштері мәлімдеуіне байланысты, Алматы облысында тікұшақтың радардан жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бортта үш экипаж мүшесі болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...